Адина Хамар

Сенім және Мүмкіндік

Екінші сыныпта мектепке директормен бірге баратынмын. Папам автобусқа отырғызып жатқанда: «менімен жүрсін»,- деп ертіп әкететін. Мейірімді, сабырлы адам еді. 2 сыныпта қобалжығаннан жобамды оның алдында қорғай алмай қалғанмын, бірақ ол кісінің маған деген сенімі жоғары болды. Ал кейін мен оның үмітін ақтадым, жобамды қалалық, облыстық деңгейде сәтті қорғап шықтым! Сол кездегі маған деген кішкене бір сеніміне әлі күнге дейін іштей алғысымды білдіремін. Мүмкіндік беру маңызды. Соны түсіне білген және түсіндіре білген Сауле Төлегенқызына рахмет!