Гүлбарам Құрақ
Менің құрбыларыма
Мен, ең жақын құрбыларыма мың есе көп алғыс айтқым келеді. Әрбір өткізген студенттік күнімізге, берген қажет кеңестеріңе, сыйлаған керемет естеліктеріңе, ұзақ-ұзақ айтқан әңгімелеріңе, бастысы менімен дос болғандарыңа алғысым шексіз. Әр өңірден жиналсақ та, мінезіміз де әрқилы болса да, ортақ қызығушылығымыздың, ұқсас өмірлік ұстанымдарымыздың арқасында ажырамас досқа айналдық. Сендердей адал, қайырымды, әділетті, әдемі, білімді жандарды кездестірген аллаға да мың алғыс. Болашақта да осындай қалпымыздан еш өзгермей, жолымыз әрқилы болса да бір аялдамада жолығып тұрайық. Достығымыз мәңгі болсын!
Рақмет! Сіздің алғысыңыз қабылданды. Рақметіңіз модератор тексерісінен өткеннен кейін сайтта жарияланады.
Спасибо! Ваша благодарность принята и после проверки модератором будет опубликована на сайте.
Согласен
Келісемін