Маржан Бекмағанбеттегі

Маған өмірді сүюді үйреткен атама

25 ақпанда туған атамның – ақ көңілді, жылы жүректі жанның өмірден озғанына тура 8 ай толды. Атам үйімізде күн арасына күн салып қонаққа келген жерлестерін, ақша табуға бекінген таныстарын, демалысқа келген достарын, білім іздеген туыстарымыздың балаларын күтетін. Барлығы біздің үйде тоқтап-тұрақтайтын. Ол қонақтардың барлығы да атамның ерекше меймандары болды. Біздің үй атамыздың «үлкен үйі» еді. Атамның күлген бейнесін жадымда мәңгі сақтаймын. Тіпті, соңғы сапарға аттанар алдында да, ата жедел жәрдем көлігімен кетіп бара жатып барлығымызбен күліп қоштасқан. Мүмкін ол сол сәттің соңғы кездесуіміз екенін білген шығар. Бүгін мен атама маған өмірді сүюді үйреткені үшін, адамгершілік пен адалдықтың үлгісі бола білгені үшін алғыс айтқым келеді.