Гүлнұр Байдуллаева
ЖАРАТҚАНҒА АЛҒЫС
Алғыс айтатын ғажап күнді жіберіп алуға болмас) Ең алдымен Жаратқанға маған берген барша ризықтарға шексіз алғыс айтамын. Оны қанша айтсам да жеткіліксіз болатынын білемін. Одан соң мені өмірге әкеліп, заманның қиындықтарына қарамастан иманды, батыл етіп тәрбиелеген ата-анама алғыс айтамын. Сенімнің арқасында берген еркіндіктеріңізге рақмет. Алланың қалауымен өздеріңіздің арқаңызда менің өмірім гүлмен жайқалып, нұрмен шуақтанып жүр. Сіздер ең ғажап ата-анасыздар! Берген тәрбиелеріңіз мен үшін қараңғыда жол көрсетер темірқазығым. Ренжіткен әрбір мінезім үшін кешірім сұраймын. Шын сүйемін!
Рақмет! Сіздің алғысыңыз қабылданды. Рақметіңіз модератор тексерісінен өткеннен кейін сайтта жарияланады.
Спасибо! Ваша благодарность принята и после проверки модератором будет опубликована на сайте.
Согласен
Келісемін