Дариға

Өмірде барыңызға рақмет!

Ұстаздар, сіздерге алғысым шексіз! Егер сіз осы саланы шын жүрегіңізбен қалап, таңдаған болсаңыз, өзіңізден білім нәрімен сусындаушы оқушылардың білімді азамат болары анық! Себебі, кез келген мықты маман, әлемге өзгеріс әкелушілер, ұлы дана ғұламалар, сіздердің алдарыңыздан өткен. Пандемияда көпшілікке сіздердің қадірлеріңіз артқан болар деген сенімдемін. Үйдегі бір-екі баласын оқытамыз деп шаршаған ата-ана, енді күнделікті 30 балаға бірдей білім берудің қиындығын түсінді. Жәй ғана, барларыңызға рақмет! Дариға!