Динара Бахитханқызы
Алғыс айтамын
Барша қазақ елін бүгінгі көктемнің алғашқы күні, алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы сәтті пайдалана отырып, отбасыма, туыстарыма, достарыма алғыс айтқым келеді. Айтулы күнмен тепе-тең келген дүниеге келуіме себепші болған әкешімнің туған күні құтты болсын дегім келеді. Сондай-ақ анашым екеуінің отау құрғанына Аллаға шүкір биыл 1 наурызда 30 жыл толып отыр. Рахмет бізді дүниеге әкеліп, өсіріп, қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шұқтырмай еркелетіп өсіргеніңізге Мың алғыс!❤️❤️❤️
Рақмет! Сіздің алғысыңыз қабылданды. Рақметіңіз модератор тексерісінен өткеннен кейін сайтта жарияланады.
Спасибо! Ваша благодарность принята и после проверки модератором будет опубликована на сайте.
Согласен
Келісемін